Тұрмыстық өрттердің негізгі пайда болу себептері тұрмыстық электр құрылғыларының жұмыс тәртібін бұзу, электр пештердің қондыру және пайдалану ережелерін бұзу, отпен абайсызда ұстау болып табылады.
Бұдан шығатын қорытынды – өрттер көбінесе адамдардың өздерінің отқа деген абайсыздығынан туындайды.
Тұрғын үйде болатын, адамдар мен мүліктерге қауіп-қатер туғызатың өрттің алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
Өрт анықталған кезде дереу өрт сөндіру бөліміне хабарлау;
Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өртті сөндіру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдау;
Өрттерді сөндіруге өрт сөндіру бөліміне көмек көрсету;
Баспалдақ алаңдарында жиһазды, жанғыш материалдарды сақтауға, шатырлар мен жертөлелерді ретсіз қалдыруға тыйым салынады;
Жанғыш заттардың жанында электр жылыту құрылғыларын орнату ұсынылмайды;
Электрмен жабдықтаудың ажыратқыштарын, ашалары мен розеткаларын және электр құрылғыларын жарамды күйде ұстау қажет. Электр желісін шамадан тыс ауырлату немесе қосулы электр аспаптарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
Өрт қауіпті жоғары тұрмыстық техникалар: теледидарлар, газ плиталары, су жылытатын цистерналар және т.б. Олардың жұмысы нұсқаулықтардың талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Ғимаратқа кіретін жолдарды немесе өрт гидранттарының кіреберістерін жабуға тыйым салынады.