«Smart Qyzylorda» мобільді қосымшасына арналған Құпиялық саясаты қосымшаны әзірлеуші болып табылатын «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС Компаниясымен (бұдан әрі — «Компания» немесе «Біз») ұсынылады және қызмет көрсетіледі.
Егер Сіз (бұдан әрі — «Пайдаланушы») «Smart Qyzylorda» мобільді қосымшасын (бұдан әрі — «Қосымша») орнатып, пайдаланатын болсаңыз, біз Сізден Қосымшаның жедел әрі дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты сұратамыз.
Компания Сіз ұсынған ақпараттың құпиялылығын құрметтейді және оны төменде келтірілген ережелерге, халықаралық стандарттардың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қорғауға міндеттенеді.
«Smart Qyzylorda» мобільді қосымшасын орнатып, пайдалануды бастамас бұрын, біздің пайдаланушылар туралы ақпаратқа қатысты ережелеріміз бен тәжірибемізді, сондай-ақ оны қалай жинап, пайдаланатынымызды түсіну үшін осы Құпиялық саясатымен және Қосымшаны пайдалану ережелерімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
Құрметті Пайдаланушы, назарыңызды аударамыз! Сіздің Құпиялық саясатын қабылдауыңыз Сіздің (Пайдаланушының): дербес деректерді және төменде көрсетілген өзге де ақпаратты жинау шарттарымен келісе отырып, ақпаратты өңдеуге, оның ішінде Сіздің дербес деректеріңізді трансшекаралық беруге толық және сөзсіз келісім беретініңізді, осы Құпиялық саясатының шарттарын сақтауға келісетініңізді және міндеттенетініңізді білдіреді.
1. Жалпы ережелер
1.1 Қосымшаны пайдалану кезінде қолданылатын Құпиялық саясаты (бұдан әрі — «Саясат») Компания мен Қосымшаны пайдаланушы болып табылатын жеке тұлға арасындағы қатынастарға қолданылады, Компания Пайдаланушыны тіркеу кезінде және осы Қосымшаны пайдалану барысында ала алатын ақпаратқа қатысты қолданыста болады.
1.2 Қосымшаны жүктеу және пайдалану Пайдаланушының құпиялық саясатының ережелерімен және онда көрсетілген ақпаратты жинау және өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетінін білдіреді.
1.3 Осы Саясаттың мақсаттары үшін Пайдаланушының жеке ақпараты ретінде мыналар түсініледі: 1.3.1 Пайдаланушы Қосымшаның функционалдық сервистерін пайдалану процесінде өзі туралы өз бетінше ұсынатын жеке ақпарат. Функционалдық сервистерді ұсыну үшін міндетті ақпарат Пайдаланушы тіркелу (есептік жазба жасау) кезінде толтыруға тиіс арнайы өрістермен бөліп көрсетілген. Атап айтқанда, бұл мәліметтерге Пайдаланушының аты, тегі, әкесінің аты, электрондық поштасы, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және телефон нөмірі жатады. Пайдаланушының келісімі алынған кезде, Қосымша Пайдаланушының геолокация деректерін жинайды, Пайдаланушының фотогалереясына және камерасына қол жеткізеді. Өзге ақпаратты Пайдаланушы өз қалауы бойынша ұсынады.
1.3.2 Пайдаланушының құрылғысында орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен оларды пайдалану процесінде Қосымшаның сервистеріне автоматты түрде берілетін деректер. Соның ішінде Пайдаланушы пайдаланатын жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық сипаттамалары, сервистерге қол жеткізу күні мен уақыты және Қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі мен Пайдаланушының барлық сұрауларын орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті кез келген басқа ақпарат.
1.3.3 Пайдаланушы келісімімен өңдеу көзделген Пайдаланушы туралы өзге де ақпарат.
1.4 Дербес деректерді өңдеу деп дербес деректермен жасалатын әрекеттер (операциялар), оның ішінде жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану түсініледі. Дербес деректер автоматтандырылған тәсілмен, Интернет желісі арқылы беруді қолдана отырып, өңдеудің аралас әдістерімен өңделеді.
1.5 Осы Саясат тек «Smart Qyzylorda» базасындағы мобільді қосымшаға ғана қолданылады. Компания Пайдаланушы қосымшамен байланысты және қолжетімді сілтемелер арқылы өз бетінше өте алатын үшінші тараптардың өзге де мобільді қосымшалары мен сайттарын бақыламайды және олар үшін жауап бермейді.
1.6 Қосымшада тіркеле отырып, Пайдаланушы өзінің дербес деректерін және өзге де ақпаратты ерікті түрде және өз мүдделері үшін ұсынады, осы арқылы аталған Қосымшаны пайдалану ережелерімен және дербес деректердің құпиялылық шарттарымен келіседі.
Ұсынылған дербес деректерді Пайдаланушы өз қалауы бойынша дербес өзгерте (жаңарта, толықтыра) алады.
1.7 Компания, жалпы ереже бойынша, Пайдаланушы ұсынатын дербес ақпараттың дұрыстығын тексермейді және оның әрекетқабілеттілігіне бақылау жасамайды. Алайда, Компания Пайдаланушы Қосымшада ұсынылған мәселелер бойынша анық және жеткілікті дербес ақпарат ұсынады және Пайдаланушы бұл ақпаратты өзекті күйде ұстайды деп болжайды.
1.8 Компания Пайдаланушының жеке және өзге де ақпаратын құқыққа сыйымсыз, рұқсат етілмеген немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, мақсатсыз пайдаланудан, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
2. Біз жинайтын ақпарат
2.1 Біз Қосымшамызды пайдалану барысында пайдаланушылар туралы ақпаратты автоматты түрде жинаймыз.
2.1.1 Осы Қосымшаны жүктеу, тіркеу немесе пайдалану кезінде Пайдаланушы атын, ұялы телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын немесе басқа байланыс ақпаратын (бұдан әрі — «жеке деректер») қамтуы мүмкін белгілі бір сұратылатын ақпаратты ұсынады.
2.1.2 Біз сондай-ақ Пайдаланушы Қосымшадағы кез келген өрістерді толтыру кезінде, Қосымша сервистерінің жұмыс істеуі мен пайдаланылуындағы ақаулар туралы хабарламаларда ұсынатын кез келген ақпаратты жинаймыз.
2.1.3 Қосымшаның функционалдық сервистері шеңберінде Пайдаланушы бағалар қоя алады, түсініктемелер қалдыра алады, өтініштер жасай алады, Қосымшаның шектеулі пайызы немесе барлық пайдаланушылары үшін жариялануға немесе көрсетілуге тиіс ақпаратты («Хабарлама») ұсына алады.
3. Біз ақпаратты қалай жинаймыз
3.1 Қосымшаны жүктеу, оған қол жеткізу және пайдалану кезінде ақпараттың белгілі бір түрін (типін) жинау үшін ақпаратты автоматты түрде жинау және бақылау технологиясы пайдаланылады, атап айтқанда мынадай мәліметтерді жинау үшін:
3.1.1 Пайдаланушы байланыстырылған, Пайдаланушы қол жеткізетін және Қосымшада пайдаланатын басқа да ақпараттық ресурстарға кіру және оларды пайдалану деректерін қоса алғанда, пайдалану бөлшектері.
3.1.2 Құрылғы туралы ақпарат, телефон моделі, Device Id, операциялық жүйе және құрылғының телефон нөмірі және т.б. Егер Сіз жоғарыда келтірілген ақпараттардың кез келгенін біздің жиғанымызды қаламасаңыз, осы Қосымшаны жүктемеңіз және пайдаланбаңыз. Пайдаланушы Қосымшаны пайдаланған кезде Қосымша бұрыннан жинаған барлық материалдар халықаралық стандарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қосымшаның деректер базасында сақталады.
3.2 Пайдаланушы өзінің құрылғысының параметрлері арқылы орналасқан жері туралы ақпаратты беру функциясын ажырата алады, алайда бұл Қосымшаның мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін.
3.3 Біз сондай-ақ әрбір сервиске кірген пайдаланушыларды санауға, сондай-ақ басқа да байланысты статистикалық қосымшалар үшін (мысалы, қосымша контентінің белгілі бір танымалдылығын жазу және жүйе мен сервердің тұтастығын тексеру үшін) есептегішті пайдалана аламыз.
4. Пайдаланушылардың дербес ақпаратын өңдеу мақсаттары
4.1 Қосымша Қосымшаның дұрыс және жедел жұмыс істеуін қамтамасыз ету және/немесе Пайдаланушымен жасалатын келісімдерді орындау үшін қажетті дербес ақпаратты жинайды және сақтайды.
4.2 Қосымша Пайдаланушының дербес ақпаратын (деректерін) мынадай мақсаттарда өңдейді:
4.2.1 Дербес деректер пайдаланушыға қосымшадағы әртүрлі сервистер бойынша ақпарат ұсыну үшін пайдаланылады.
4.2.2 Пайдаланушымен кер байланысты орнату, оның ішінде хабарламалар, Қосымшаны пайдалануға қатысты сұраулар, Қосымшаның функционалдық мүмкіндіктерін өзгерту, Қосымшаның қолжетімді жаңартуларының пайда болуы, біз ұсынатын немесе көрсететін кез келген өнімдер мен қызметтердегі өзгерістер туралы жолдау және т.б.
4.2.3 Пайдаланушының тұрған жерін анықтау сервистер бойынша дұрыс деректерді ұсыну үшін қажет.
4.2.4 Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің шынайылығы мен толықтығын растау.
4.2.5 Қосымшаны пайдалануға байланысты проблемалар туындаған кезде Пайдаланушыға клиенттік және техникалық қолдау көрсету.
5. Жеке ақпаратыңызға (дербес деректеріңізге) қол жеткізу және оны түзету
5.1 Пайдаланушы Қосымшаға кіру және/немесе жеке профиль беті арқылы жеке ақпаратты көре алады және өзгерте алады.
5.2 Егер Пайдаланушы «Smart Qyzylorda» мобільді қосымшасын пайдалану ережелерінің кез келген тармағын сақтамаса немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұза отырып Қосымшаны пайдаланған жағдайда, Компания Пайдаланушыны белгілі бір мерзімге қара тізімге қосуға құқылы.
5.3 Пайдаланушының өз есептік жазбасын жоюы осы Пайдаланушының өтініштерін, сондай-ақ Пайдаланушы қосымшада жасаған пікірлері немесе түсініктемелерін жоюға әкеп соқпайды. Қосымшаны тіркеу және пайдалану кезінде Қосымша жинаған барлық деректер, соның ішінде Пайдаланушының дербес деректері, өтініштері, пікірлері, түсініктемелері, берілген мультимедиялық файлдар халықаралық стандарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қосымшаның деректер базасында сақталады және тек Компанияның Пайдаланушының өтініші бойынша жойылуы мүмкін.
6. Деректер қауіпсіздігі
6.1 Компания пайдаланушылардың жеке ақпаратының қауіпсіздігін кездейсоқ жоғалтудан, рұқсат етілмеген қолжетімділікten, пайдаланудан, өзгертуден және ақпаратты жария етуден қамтамасыз етуге бағытталған қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
6.2 Қосымша пайдаланушылары ұсынатын ақпарат қорғалған серверлерде сақталады.
6.3 Пайдаланушы ақпаратының қауіпсіздігі мен қорғалуы Сізге де байланысты. Қосымшаға қол жеткізу құпия сөзбен қорғалмаған, сондықтан Сіздің мобільді құрылғыңыздың өзі құпия сөзбен, саусақ ізін тану технологиясымен немесе басқа қауіпсіздік технологияларымен дұрыс қорғалғанына және Сіздің бақылауыңызда екеніне көз жеткізуіңіз қажет. Сондай-ақ Компания пайдаланушылардың кез келген құпиялылық параметрлерін айналып өтуге және/немесе Біз сақтауды ұсынатын қауіпсіздік шараларын бұзуға бағытталған әрекеттері үшін жауап бермейді.
7. Құпиялық саясатымыздағы өзгерістер
7.1 Компания осы Құпиялық саясатына кез келген уақытта және Пайдаланушыға алдын ала ескертпестен және оның келісімінсіз өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
7.2 Құпиялық саясатының соңғы өзгертілген күні беттің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Пайдаланушы қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын тексеру және/немесе олармен танысу үшін осы Құпиялық саясаты бетіне мезгіл-мезгіл кіріп тұруға жауапты болады.
7.3 Құпиялық саясатына өзгерістер енгізілгеннен кейін Пайдаланушының Қосымшаны әрі қарай пайдалануы Пайдаланушының осы өзгерістерді сөзсіз қабылдауы болып есептеледі.
Осыған байланысты, Құпиялық саясатында жаңартулардың бар-жоғын Қосымшада мезгіл-мезгіл тексеріп тұруыңызды сұраймыз. Дербес және өзге де ақпаратты жинау, өңдеу және пайдалану шарттарының өзгерістерімен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Қосымшаны пайдалануды біржақты тәртіппен тоқтатуға және Қосымшаны құрылғыдан жоюға құқылы.
Осы Құпиялық саясаты орыс тілінде жасалған және кейбір жағдайларда танысу үшін ағылшын тілінде ұсынылуы мүмкін. Орыс тіліндегі нұсқа мен ағылшын тіліндегі нұсқа сәйкес келмеген жағдайда, Құпиялық саясатының орыс тіліндегі нұсқасының ережелері қолданылады.
8. Байланыс ақпараты
Осы құпиялық саясатына және/немесе Қосымшаның жұмыс істеуіне байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, бізге мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: info@curs.kz
«Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 2-үй, н.п. 5.
Телефондар: +7 (7172) 95-26-71, +7 (7172) 95-26-75
Сіздің Құпиялық саясатын қабылдауыңыз дербес деректерді және өзге де жеке ақпаратты жинау шарттарымен келісетініңізді, дербес деректерді және өзге де жеке ақпаратты өңдеуге, оның ішінде Сіздің дербес деректеріңізді трансшекаралық беруге толық және сөзсіз келісім беретініңізді білдіреді.
«Smart Qyzylorda» мобільді қосымшасын кез келген бөлігінде жүктеу, тіркеу және пайдалану осы Құпиялық саясатында баяндалған шарттар мен ережелермен сөзсіз келісетініңізді білдіреді.
Құрметті Пайдаланушы, егер Сіз Құпиялық саясатының шарттарымен, біздің ережелеріміз бен тәжірибемізбен келіспесеңіз, бұл Қосымшаны жүктемеңіз, тіркелмеңіз немесе пайдаланбаңыз және/немесе оны мобільді құрылғыңыздан жойыңыз.